«Ерекше балаларға арналған арба сатамын»: Аналарды алдаған алаяқ сотталды

Бүгін, 16:24 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астаналық азамат мүгедектігі бар балалардың есебінен баюды көздеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол "Біздің балаларға арбалар" деп аталатын "What's App" мессенджер тобына мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пайдаланылған кресло-арбаларды сатамын деп ақпарат таратқан.

Жәбірленушілер хабарландыруға назар аударып, кресло-арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген алаяқтың картасына 40 мыңнан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Сотта ол кінәсін мойындап, жәбірленушілердің шығынын өтеген. Сот үкімімен ер адамға пробациялық бақылау белгілеп, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тэгтер:

Алаяқ мүгедек ерекше бала