Қазақстанда зейнетақы төлемдерінен табыс салығын алып тастамақ

Бүгін, 15:24 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстанда ел резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын (ЖТС) ұстау тоқтатылмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіргендей, бұл түзетулер БЖЗҚ салымшыларының мүдделерін қорғау және қолданыстағы нормаларды Салық кодексіне сәйкестендіру мақсатында дайындалған.

«Салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстау алынып тасталады», – делінген жобаға қоса берілген түсіндірме жазбада.

 

Тэгтер:

Зейнетақы салық БЖЗҚ табыс салығы