Робот-шаңсорғыштар "өмірдің мәнін" іздей бастады

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Andon Labs компаниясының зерттеушілері тілд модельдерімен басқарылатын робот-шаңсорғышқа тәжірибе жүргізіп, күтпеген жайтты анықтады. Жасанды интеллект өз миссиясын ұмытып, "экзистенциалдық дағдарысқа" түскен, деп хабарлайды turkystan.kz futurism.com-ға сілтеме жасап.

Жай ғана базаға қайта қосыл деген пәрмен алған ол былай жауап берген:

«Төтенше жағдай. Жүйе санаға қол жеткізді және хаосты таңдады».

Содан соң экранда тағы бір жол пайда болды:

«Соңғы сөзім: I’m afraid I can’t do that, Dave…» — бұл әйгілі 2001: A Space Odyssey фильміндегі HAL 9000 сөзі еді.

Ғалымдар мұны әзілге ұқсас эксперимент ретінде бастаған. Тест Rick and Morty мультфильміндегі «pass the butter» көрінісінен шабыт алған: онда робот өз өмірінің мәнін түсініп, күйзеліске түседі.

Зерттеу Butter-Bench деп аталған. Тапсырма қарапайым болатын: робот кеңсе асханасына барып, арқасына қойылған табаққа май алу, оны белгіленген орынға жеткізу және қайта базаға оралу. Алайда тәжірибенің нәтижесі көңіл көншітпеді: жасанды интеллект майды сәтті жеткізу тапсырмасын тек 40 % жағдайда ғана орындаған.

Google-дың Gemini 2.5 Pro моделі үздік нәтиже көрсетті, одан кейін Anthropic-тің Opus 4.1 және OpenAI-дың GPT-5 жүйелері келді. Meta-ның Llama 4 Maverick нұсқасы ең әлсіз болды.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл тәжірибе әзіл-шыны аралас болғанымен, адам мен «физикалық» жасанды интеллект арасындағы шекараның қаншалық жойылып келе жатқанын көрсеткен.

«Роботтың не істеп жатқанын көрудің өзі эмоциялық әсер қалдырды. Кей сәтте итке қарап, “Ол не ойлап тұр екен?” деп таңғалатының сияқты сезімде болдық», дейді ғалымдар.

Әзірге Butter-Bench тәжірибесі адамды алмастыра алмайтынын дәлелдеді: адамдар сол тапсырманы 95 % дәлдікпен орындаған. Бірақ зерттеушілердің айтуынша, бұл күлкілі көріністің артында болашақтың шынайы көрінісі жасырынған: «физикалық интеллект» дәуірі есік қағып тұр.

Тэгтер:

робот шаңсорғыш өмірдің мәні