Президент 11-12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Бүгін, 14:19 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына  бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.