Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін қазақстандық спортшы үздік ондықтағы алтыншы орында тұрған еді. Енді ол бесінші сатыға көтерілді.
Теннисші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирін жеңіп алған соң осындай нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы - Беларусь өкілі Арина Соболенко. Екінші орында - Польша теннисшісі Ига Швентек, ал АҚШ спортшысы Коко Гауфф үздік үштікті түйіндейді.