Ауа-райының бұзылуына байланысты Павлодар облысының трассаларында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2025 жылғы 10 қараша сағат 11:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы" 0-112 шақырым аралығындағы (Павлодар қаласы - РФ шекарасы) учаскесінде қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы "Ақпараттық картадан" көруге болады.