Атырауда 30 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға боди-массаж қызметін көрсететін әйелдің пәтерінде болған. Әйел мен клиент арасында жанжал шығып, сол сәтте әйел ер адамға бірнеше рет пышақ сұққан. Ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.
«Күдікті оқиға орнында ұсталды. Оған “Адам өлтіру” бабы бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданып, мәні бойынша қаралатын болады», – делінген хабарламада.
Алдағы уақытта алғашқы сот отырысының күні белгіленеді.