Эстонияда қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті

Бүгін, 10:17 / Інжу Әлихан
Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Күнін және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығын мерекелеу аясында Эстония Музыка және театр академиясында қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі Алматы қаласы әкімшілігі және «Алматы әуендері» КМҚК қолдауымен ұйымдастырылды.

Кеш қонақтары ­ Эстонияның саяси, академиялық және іскер топтары, шет елдердің Елшілері, қазақстандық диаспора, сондай-ақ ЭР мәдени және қоғамдық ұйымдарының өкілдері болды.

Бағдарламаға Жеңісәлі Ержанов, «Аркайым» нео-этно-фольклорлық тобы, «Музарт Life» үрлеу тобы, «Сазген сазы» халық аспаптар ансамблі және «Ұлытау» этно-рок тобы қатысты.

Көрермендер Қазақстанның халық музыкасымен танысты. Сахнада ұлттық музыкалық аспаптарда әуендер, күйлер, қазақ, эстон және басқа да шетелдік композиторлардың музыкалық шығармалары шырқалды.

ҚР-дың Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов еліміздің қазіргі Тәуелсіздігіміздің небәрі отыз жылдығына қарамастан Қазақстанның Ұлы дала, көшпенділер дәстүрлері, бостандық, қонақжайлылық және табиғатпен үйлесімділік құндылықтарымен қалыптасқан ұзақ тарихы бар екенін атап өтті.

Іс-шара ұрпақтардың ажырамас байланысын және Қазақстанның ұлттық дәстүрлерінің сабақтастығын көрсететін Эстониядағы маңызды мәдени оқиға болды. Көрермендер бай мәдениетті, ұлттық фольклорды және қазақ халқының шынайы рухын сезінді.