Сарыкемерде 16 жастағы студент өлі табылды

Бүгін, 10:18 / Алуа Арман
istockphoto.com

Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында №16 Байзақ колледжінің 16 жастағы студентінің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бозбала суицид жасаған. Алдын-ала мәлімет бойынша ол бірнеше күн бұрын әкесінің көлігін бұзып алған. Кейін сарайлардың бірінен мәйіті табылған.

Көршілері мен таныстары отбасының жақсы екенін айтып отыр. Ата-анасы жұмыс істейді, үлкен балалары жоғары оқу орындарында оқиды, кіші қыздары мектепке барады.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Тэгтер:

студент Жасөспірім суицид бозбала Сарыкемер