Д.Трамп: АҚШ пен Ресей арасында бәрі жақсы болады

Дональд Трамп Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас болашақта жақсара түскенін қалайды. «АҚШ пен Ресей арасында бәрі жақсы болады. Уақыты келгенде бәрі өз орнына түседі, бейбітшілік орнайды!» деп жазды Трамп твиттерде. 

сentralasian.org сайтының хабарлауынша, сәрсенбі күні Вашингтонда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге өткізген баспасөз конференциясында Трамп Батыстың Ресеймен қарым-қатынасы жақсарғанын қалайтынын мәлімдеді.

«НАТО мен біздің ел Ресеймен тіл табыса алса – жақсы болар еді. Қазір біз Ресеймен тіпті түсінісе алар емеспіз. Бәлкім біздің Ресеймен арамыз тым суып кеткен болар. Бұл ұзаққа созылып барады, әлі қалай болатынын көре жатармыз. Путин – Ресей жетекшісі. Ресей – қуатты ел. Біз өте қуатты елміз. Әрі қарай қалай болатынын көрерміз», – деп мәлімдеді Трамп.

Back to top button