Өрт шыққан балалар үйіне Алматы әкімі барды

9 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Алматы әкімдігі "Перзент" жеке қайырымдылық балалар үйі аумағында болған өртке қатысты ақпарат таратты.

Оқиға орнында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды.

"Қазіргі таңда уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шаралары қамтамасыз етілуде. Жағдай бақылауда", - деп жазылған хабарламада.

Барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт ошағы оқшауланған. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде", - деп толықтырды әкімдік.

Осы кезде Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Жалын 1000 шаршы метр аумаққа шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.