Абай облысында балаларын үйде қалдырып, дүкенге кеткен әйел пәтерінің кілтін жоғалтып алған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ қызметкерлері пәтерде жабылып қалған бүлдіршіндерді құтқарды.
"Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семей қаласында бір пәтерде кішкентай балалардың қалып қойғаны туралы хабар түсті – анасы дүкенге шығып, пәтердің кілтін жоғалтып алған", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар шанц саймандарының көмегімен есікті ашып, пәтерге кірді.
Абырой болғанда, іште қалған 2017 және 2025 жылы туған балалар еш зардап шекпеген.