Қазақстан құрамасынан екі дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты

9 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошылар сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ұлттық құраманың екі бірдей спортшысы өз салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

78 келіге дейінгі салмақта Аруна Жангелдина финалға шықты. Ол жартылай финалда Тунис спортшысы Аржи Агуебті сенімді түрде жеңіп, ел қоржынына кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.

Сондай-ақ ерлер арасында Мәди Амангелді де финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда БАӘ атынан өнер көрсеткен Нугзари Таталашвилиден басым түсті. Осы жеңіс Қазақстанға тағы бір медаль әкелетіні анық.

Осылайша Қазақстан құрамасы Ислам ойындарында нәтижесін нығайтып, қоржынына жаңа жүлделер қосуда.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарыста Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы бақ сынап жатыр.

Сауд Арабиясы аталмыш жарысты алтыншы рет қабылдап отыр. Бұған дейін ойындар Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017) және Конья (2021) қалаларында ұйымдастырылған.