Биылғы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар тоғыз күн демалыс алады, деп хабарлайды turkystan.kz.
eGov порталында жарияланған 2025 жылғы мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындарын ай соңында бірнеше қосымша тынығу күні күтіп тұр.
Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сейсенбіге түседі. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар ресми түрде демалады.
Әдетте мереке күндері демалысқа сәйкес келсе, келесі жұмыс күні де демалыс болып есептеледі. Бірақ биыл Тәуелсіздік күні аптаның ортасына тура келгендіктен, қосымша демалыс қарастырылмаған.