Қазгидромет ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады

Бүгін, 09:15 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Қазгидромет

Қазақстанның 13 облысында және елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Астана қаласында кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей сәтте 23 м/с дейін күшейеді.

Абай облысы: түнде батысында, солтүстігінде және орталығында, күндіз солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болып, боран соғады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан — 15–20 м/с.

Ақмола облысы: жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Көктайғақ, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысы: жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с дейін соғады.

Атырау облысы: түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, кей жерлерде 23 м/с дейін соғады.

Шығыс Қазақстан облысы: батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ, боран, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысы: түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, таулы және солтүстік-шығыс бөліктерінде 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең батысында және солтүстігінде тұман түседі, желдің екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысы: түнде батысында және солтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ, боран. Жел оңтүстік-батыстан, кейде 23 м/с дейін соғады.

Қостанай облысы: жаңбыр мен қар, кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі, көктайғақ, боран, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с дейін соғады.

Павлодар облысы: жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Жел 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с дейін.

Солтүстік Қазақстан облысы: жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады, кей аймақтарда тұман түседі. Жел 15–23 м/с.

Түркістан облысы: түнде және таңертең оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с тұрады.

Ұлытау облысы: таңертең және күнауа діз батысында және солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің екпіні 15-23 м/с дейін жетеді.

Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді.