Рыбакина алғаш рет WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

Бүгін, 15:45 / Нұрлан Әлинұр
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өз мансабында алғаш рет WTA Қорытынды турнирінің финалына шықты.

7 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында WTA-2025 маусымының қорытынды турнирінің алғашқы жартылай финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен америкалық Джессика Пегуламен кездесті.

Тартысты кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды. Ақыры 4:6, 6:4, 6:3 есебімен Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орында) өзінің кәсіби мансабында алғаш рет WTA-2025 маусымының Қорытынды турнирінің финалына шықты.

Финалда Елена Рыбакина беларусь спортшысы Арина Соболенкомен бас сынасады.