Жүк автокөліктері үшін кей бағыттағы жолдарда қозғалыс қиындай түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, қатты жел, қарлы боран) «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасына дейін» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде жүк автокөліктері үшін қозғалысы уақытша шектелді", - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Ведомствоның баспасөз қызметі жүргізушілерге сақтық шараларын сақтау, алыс жерлерге барудан бас тарту және жолдардың жай-күйі туралы ақпараттың жаңартылуын қадағалап отыруды ұсынды.