АҚШ Ауғанстанға әлемдегі ең қуатты GBU-43 бомбасын тастады

АҚШ Ауғанстанға әлемдегі ең қуатты GBU-43 бомбасын тастады

АҚШ Ауғанстанға әлемдегі ең қуатты GBU-43 бомбасын тастады
ашық дереккөзі
АҚШ Нангахар ауған провинциясына әлемдегі ең қуатты ядролық емес бомба тастады. 13 сәуірде Пентагонның хабарлауынша, GBU-43 бомбасы жергілікті уақытпен сағат 7:32-де Пәкістанмен шекараға жақын Ачин ауданындағы "Ислам мемлекеті" содырларының үңгір кешеніне тасталды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Пентагонның баспасөз хатшысы Адам Стамптың мәлімдеуінше, GBU-43 бомбасы тарихта бірінше рет қолданылды. Оның қуаты - 11 тонна тротил эквивалентіне тең, жою радиусы – 140 метр. Ауғанстан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, операция барысын екі елдің билігі алдын-ала келіскен. Бұл бомбаның алдағы уақытта тағы қандай жанжал ошақтарында қолданылатыны белгісіз. GBU-43 – фугис типті ядролық емес авиациялық бомба, америкалық әскер 2000-жылдардың басында жасаған, "Бомбалардың анасы" деп те атайды. Бір апта бұрын АҚШ сириялық үкіметтің Шайрат әуе базасын әуеден соққылады. 7 сәуірде АҚШ 59 "Томагавк" тастады. Қару қолдануға АҚШ президенті Дональд Трамп бұйрық берді.