Солтүстік Қазақстанда арпа тиелген жүк көлігі аударылды

Бүгін, 17:46 / Інжу Әлихан
Скриншот

5 қарашада Мамлют ауданының Дубровное ауылына арпа тасымалдаған "КамАЗ" жүк көлігінің тіркемесі сынып, жол үстіне аударылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына "Аби жер" ЖШС-нің арнайы техникасы тартылып, төгілген дән жиналып, тіркеме орнына қойылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстар сағат түнгі 21:00-ге дейін жалғасқан. Осы уақытта полицейлер жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыруды, ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болуды ескертеді.

"Егер жол үстіне астық төгілсе, көлік дөңгелегінің жабысуы айтарлықтай төмендейтінін есте ұстаңыз. Мұндай жағдайда жылдамдықты бірден азайтыңыз. Кез келген жағдайда жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз", – деп мәлімдеді жол сақшылары.