Марат Әйтенов пен Дана Әтешова мүлікті бөлу туралы келісімге келді

Бүгін, 17:47 / Алуа Арман
коллаж: turkystan.kz

Бір жыл бұрын Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы, Марат Әйтенов өзінің келіншегі Дана Әтешованы үйінен күштеп шығармақ болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сол сәтте түсірілген видео желіге кең тарап, қоғамда кең талқыланған болатын. Олардың ортақ үш баласы бар.

Бүгін Дана Әтешова мүлікті бөлу туралы медиативті келісімге келгендерін мәлімдеді.

«9 жылға созылған неке. 5 жыл сот талқылауы. Эго, күрес, қайғы-мұң. Біз мүлікті бөлісу туралы медиативті келісімге келдік. Медиативті келісімді сот бекітті. Екі жақ та риза. Алимент бойынша келісімге келген жоқпыз», - деп жазған ол желідегі парақшасында.

Тэгтер:

Дана Әтешова Марат Әйтенов