Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапониядағы турнирде екінші орын алды

Бүгін, 17:08 / Алуа Арман
olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл сайыста Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті.

Самоделкина төрешілердің шешімімен 67,75 ұпай алып, аралық есепте екінші орынға жайғасты.

Атақты жапониялық Каори Сакамото көш бастады - 77,05 ұпай. Ал Оңтүстік Корея өкілі Ю Ян 67,66 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.

Тэгтер:

Турнир жапония мәнерлеп сырғанау