Атырауда пациент стоматологтың құралын жұтып қойған

Бүгін, 16:59 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атыраулық келіншек стоматологқа барғаннан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеке меншік клиникада тісін емдеп жатқан кезінде дәрігер пациенттің аузына темір құрылғыны түсіріп алған, келіншек оны жұтып қойған.

Дәрігерлер рентгенге түсіріп, келіншектің асқазанынан бөгде затты алып шықққан.

пациент е-Өтініш арқылы Денсаулық сақтау басқармасына шағым түсірген. Қазір жауабын күтіп отыр.

Тэгтер:

стоматолог пациент