Атырауда жоғалған қыз Ақтөбеден табылды

Бүгін, 16:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева 24 қазан күні Құлсарыдағы үйінен сағат 22:00 шамасында шығып кеткен. 29 қазан күні оны Атыраудың автовокзалынан танысы күтіп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім Ақтөбеден табылды. Оның денсаулығы мен өміріне қауіп жоқ.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Жылыой ауданының полициясы ата-аналардан балаларын бақылауды сұрайды.

Тэгтер:

Атырау Ақтөбе Жасөспірім