"1 триллион доллар": Tesla акционерлері Илон Маскқа тарихта бұрын-соңды болмаған сыйақы бермек

7 қараша, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: marca.com

АҚШ-тың Остин қаласында өткен Tesla-ның жыл сайынғы акционерлер жиналысында компания басшысы Илон Маск алдағы он жылға арналған $1 триллионға дейінгі бонус пакетін алды. Бұл – корпоративтік тарихтағы ең ірі сыйақы жүйесі, деп хабарлайды turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Шешімге акционерлердің 75 пайыздан астамы дауыс беріп, Масктың Tesla-ны тек электромобиль өндіруші емес, жасанды интеллект пен робототехника алпауытына айналдыру жоспарына сенім білдірді.

Компания басшысы сахнаға би билеген роботтармен бірге көтеріліп, көпшілікті таңғалдырды.

«Біз Tesla-ның жаңа тарауын емес, тұтас жаңа кітабын ашқалы тұрмыз», – деді Маск жиналғандарға.

Жаңа сыйақы бағдарламасы Масктың болашақтағы стратегиясымен тікелей байланысты. Ол автономды көліктерді, роботакси желісін және гуманоидты роботтарды жаппай нарыққа шығаруды көздейді.

Кей инвесторлар бұл пакет тым қымбат әрі артық деп сынағанымен, көпшілігі оны Маскты компанияда ұстаудың және акционерлер табысын арттырудың құралы деп бағалады. Tesla директорлар кеңесі ескерткеніндей, егер пакет бекітілмесе, Маск компаниядан кетуі мүмкін еді.

Тэгтер:

сыйақы Илон Маск TESLA