Астана – Самарқан әуе рейсі іске қосылды

Бүгін, 14:24 / Алуа Арман
pixabay.com

7 қарашада Астана әуежайынан Астана – Самарқан бағытындағы алғашқы ұшақ ұшып шықты. Ұшақ Vietjet Qazaqstan (Qazaq Air) әуе компаниясына тиесілі, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тарихи екі қаланың арасында тікелей әуе рейсінің іске қосылуы – саяхатқа ыңғайлы әрі астананың байланысын күшейтеді», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай» АҚ басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер.

Ұшақ аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері ұшады.

Тэгтер:

Ұшақ Рейс Самарқан