Сингапур билігі онлайн-алаяқтарды шыбықпен сабап жазаламақ

Бүгін, 19:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Сингапур парламенті қатаң шараларға көшіп, интернет-алаяқтарды шыбықпен сабауды қарастыратын заң қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz The Washington Post-қа сілтеме жасап. Бұл шара цифрлық алаяқтықтың саны күрт өскен соң қолға алынған.

Заң аясында алаяқтық әрекеттері дәлелденген тұлғалар алаяқтық схемага қатысушылар немесе алаяқтарды жалдағандар кемінде 6, ең көбі 24 рет дүре соғылады.

Жазалау барлық жағдайда міндетті жазалау ретінде қарастырылған, алайда әйелдер, жас қыздар және 50-ден асқан ерлер бұл жаза түрінен босатылған.

Бұл қадам Сингапурда алаяқтықтың көбеюі және жоғалып жатқан қаржылық зиян салдарына қарсы қабылданған. 

Алайда адам құқықтары қорғау ұйымдары бұл жаза түрін «әділетсіз» және «азаптау» деп сынға алып отыр.

Тэгтер:

таяқ шыбық