Доллар бағамы тағы өсті

Бүгін, 16:58 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

6 қараша 2025 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

15:30-дегі күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 526,79 теңгені құрап, 1,71 теңгеге өскен.

Ресей рублі 6,48 теңгеге дейін төмендеді (-0,02), ал қытай юані керісінше 73,98 теңгеге дейін көтерілді (+0,37).

Валюта айырбастау пунктерінде доллар 526,7–528,7 теңге, еуро 605,1–610,6 теңге, рубль 6,41–6,53 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Сонымен қатар 6 қарашадағы әлемдік мұнай нарығында баға ауытқуы байқалады:

Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері барреліне 63,78 доллар болып, 0,41% өсті;

WTI мұнайының желтоқсан фьючерстері 59,87 доллар болып, 0,45% көтерілді.

Ұлттық банк таңертеңгі ресми бағамды келесідей белгіледі: