«City Transportation Systems» ЖШС жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана әкімдігінің мәліметінше, компанияда төмендегідей бос лауазымдар бар:
• Станциялардың ауысым басшылары;
• Станция кезекшілері;
• Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
• Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
• LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының сигнализация техниктері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының байланыс техниктері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының электр монтерлері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
• Жылжымалы құрам орталығының жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
• Қойма меңгерушілері.
Жеңіл рельсті көлік жүйесінде жұмыс істейтін болашақ қызметкерлерді оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және ҚХР өткізіледі.
Курстың ұзақтығы – мамандыққа байланысты 4 айдан 6 айға дейін. Оқыту аяқталғаннан кейін халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқыту бағдарламасын сәтті аяқтаған барлық қатысушы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады. Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаты – пойыздардың жүргізушісіз қозғалысын, сенімді байланысты және барлық қызметтің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық LRT басқару жүйесінде жұмыс істей алатын білікті қазақстандық мамандарды даярлау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жоғары немесе орта-арнайы білім (көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар);
- кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі (біліктілік талаптары «cts.gov.kz» сайтында орналастырылған).
Резюмелер ресми сайт арқылы қабылданады: cts.gov.kz
Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207).