Маңғыстаудағы «Шабыт» өнер-білім академиясының шәкірттері халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, өнерпаздар Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен «Baku Art Festival - 2025» халықаралық өнер байқауында жоғары нәтиже көрсетті.
Жалпы нәтиже бойынша 2 бас жүлде, 8 - І орын, 8 - ІІ орын, 4 - ІІІ орын иеленді.
Бас жүлде иегерлері 2026 жылдың қаңтар айында Стамбул қаласында өтетін халықаралық өнер додасына тікелей жолдама жеңіп алды.