Қазақстандық теннисші екі жылға жарыстан шеттетілді

Қазақстандық теннисші екі жылға жарыстан шеттетілді

Қазақстандық теннисші екі жылға жарыстан шеттетілді
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Арсан Арашов мельдоний пайдаланғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды ТАСС Халықаралық теннис федерациясының (ITF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тыйым салынған зат 17 жасар теннисшінің 2016 жылдың 9 шілдесінде Гандияда (Испания) өткен турнирде тапсырған допинг-сынамасынан табылды. Арашов 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарыстардан уақытша шығарылып тасталған еді. Спортшының жарыстан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың 29 қыркүйек күні аяқталады. Арашовтың өтініші бойынша тәуелсіз сот анти-допингтік бұзу бағдарламасына сәйкес, тараптардың (Арашов пен ITF) дәлелдерін қарап, 10 сәуір күні спортшыны дисквалификациялау туралы шешім шығарды. Арашов әлемдік рейтингте 1729-орында тұр. Мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (ВАДА) тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген.