Президент АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті

6 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ астанасына сапары барысында сонда білім алып жүрген қазақ студенттері қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жастармен аз-кем әңгімелесіп, олардың оқу жетістіктері мен жоспарлары туралы сұрап білді. Президент студенттерге табыс тілеп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында Президент Дональд Трамппен келіссөздер өткізуі және «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысуы жоспарланған.