Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

Бүгін, 06:01 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

6 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Елордада кейде қар жауып, боран соғады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыс желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында да қар, көктайғақ және боран күтіледі. Көкшетауда желдің екпіні 20 м/с-қа дейін барады.

Абай облысында түнде және күндіз қар, төмен боран, көктайғақ болжанған. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында да қар мен боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман және көктайғақ байқалады. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аймақтарында көктайғақ пен тұман, ал Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен тауларында тұман және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы аудандарда тұман болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да көріну қашықтығы төмендейді.

Қарағанды облысында қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және төмен боран күтіледі.

Павлодар облысында күндіз қар жауып, желдің екпіні 20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Орал қаласында да көріну нашарлайды.

Маңғыстау облысында күндіз шаңды боран болжанған. 

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында тұман күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының нашарлауына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
Жолға шығатын жүргізушілерге аса мұқият болу ұсынылады.