Тоқаев Вашингтонға сапармен барды

Бүгін, 05:00 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.