«Барыс» қатарынан бесінші ойында жеңіліп қалды

Бүгін, 23:10 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында Уфаның «Салават Юлаев» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Уфалық клуб алғашқы екі кезеңде бір-бір шайбадан соғып, үшінші кезеңде жеңісті өз пайдасына шешті. Есеп – 2:1.
Осылайша қазақстандық клуб қатарынан бесінші рет жеңілді.

7 қараша күні «Барыс» өз алаңында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдайды.

Тэгтер:

Астана Барыс хоккей