Қостанай облысында азамат бір минутта жеті мәрте несие рәсімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Азаматтың айтуынша, шамамен екі ай бұрын ол сол банктердің біріне несие алу мақсатында барған кезде, қызметкерлер оған «сіздің атыңызда басқа несиелер бар» деп қарыз беруден бас тартқан. Кейіннен анықталғандай, бірнеше қаржы ұйымында оның атына алаяқтық жолмен несие рәсімделгені белгілі болған.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің араласуымен басталған тексеріс барысында банктер өз қаражаттары есебінен жеті несиені жапқан. Себебі азаматтың өзі банктерге бармағаны және құжаттарға қол қоймағаны дәлелденген.
Қазіргі уақытта биометриясыз рәсімделген несиелерді жоюға құқықтық мүмкіндік бар. Егер азамат өз атына несие рұқсатынсыз рәсімделгенін дәлелдей алса, банк мұндай қарызды сотқа жүгінбей-ақ жоюға міндетті.