Аңсар Ниетқалиев үшінші рет ITF Juniors турнирінде топ жарды

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
olympic.kz

14 жастағы қазақстандық теннисші Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасында үш ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Аңсар алдымен Түркияның Бурса қаласында өткен J30 санатындағы жарыстың финалында жергілікті спортшы, доданың 5-ракеткасы Берке Окумусты айқын басымдықпен ұтты - 6:2, 6:0.

Бір аптадан кейін қазақстандық теннисші Түркияның Адана қаласында дәл осындай турнирде көзге түсті. Ол жұптық сында отандасы Хақназар Жеткербаймен бірге ақтық бәсекеде түркиялықтар Гюлер/Конияны тізе бүктірді - 6:7 (5:7), 6:3, 10:8.

Аңсар үшінші жеңісіне туған жерінде қол жеткізді. Ол Алматыда жаңадан ашылған «Алатау» теннис орталығында J60 Almaty Open жарысында үздік атанды. Аңсар Ниетқалиев финалда өзінен әлдеқайда тәжірибелі, тағы бір қазақстандық Олжас Есеналыға мүмкіндік бермеді - 6:2, 6:2.

Тэгтер:

Турнир Аңсар Ниетқалиев