Атырау облысында жанармай таситын көлік өртенді

Бүгін, 15:44 / Інжу Әлихан

4 қараша күні Атырау облысы Құлсары қаласындағы жанар-жағар май құю станциясының аумағында жанармай құйылған көлік өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Өрт жанармай тасығыштың доңғалақтарға тез таралып, цистернаның жарылыс қаупін тудырды.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері келді. Құтқарушылар цистернаны суыту үшін көбікті қолданып, дереу сөндірді", - делінген хабарламада.