Ақмола облысында 72 жастағы көршісін балағаттаған тұрғын жауапқа тартылды

Бүгін, 15:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Жақсы аудандық сотында қоғамдық орында балағат сөздер айтып, көршісін қорлайтындай әрекеттер жасаған азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта анықталғандай, Е. алкогольдік мас күйінде көпқабатты үйдің кіреберісінде 72 жастағы көршісіне балағат сөздер айтып, оған құрметсіздік көрсеткен, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот отырысында Е. кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен Е.-ге 30 сағатқа қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза тағайындалды,сондай-ақ 6 айға алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынып, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды. Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот Е.-ні профилактикалық әңгімеге қатысуға міндеттеді.

ӘҚБтК-нің 49-1-бабы «Қоғамдық жұмыстар» 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Тэгтер:

зейнеткер қария балағаттау