Қазақстанда +15 градусқа дейін күн жылиды

Бүгін, 14:43 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 6–8 қарашаға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің аумағында нағыз ауа райының ауысу кезеңі басталды – жылы күндер өз орнын қысқы суыққа беруде. Атмосфералық қысым жүйелерінің жылдам алмасуы ауа температурасының айтарлықтай ауытқуына себеп болуда.

«Алдағы күндері аяз алып келген суық антициклон Қазақстан аумағынан шығады. Оның орнына жылдам жылжып келе жатқан циклон келеді. Ол жауын-шашынды сақтағанымен, біршама жылылық алып келеді – еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы минус 3-тен плюс 2 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік аймақтардың тұрғындарын жылы ауа массалары қуантады – олар жауын-шашынды тоқтатып, 8 қараша күні күндізгі уақытта температура +10…+15 градусқа дейін көтеріледі», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет қыс градус күн жылиды