Павлодарда Қытай азаматына айыппұл салынды

Бүгін, 12:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Қытай Халық Республикасының азаматына қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот анықтағандай, ҚХР азаматы Х. 2025 жылғы 22 маусымда Қазақстан аумағына келген және 21 шілдеге дейін уақытша тіркелген. Алайда тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ел аумағынан шықпай, көші-қон талаптарын бұзған. Оның елде болу мерзімі он тәулікке асып кеткен.

Сот отырысында азамат Х. өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген деректермен келісті.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот азамат Х.-ны ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 98 300 теңге мөлшерінде айыппұл салды.