Шымкентте ауладағы біреудің баласын ұрған келіншек жазаланды

Бүгін, 12:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот анықтағандай, 2024 жылдың маусым айында №3 шағынаудандағы үйлердің бірінің ауласында әйел мен кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туындаған, оның барысында әйел баланы ұрып, оның денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген. Бұған дейін сот жауапкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салған болатын.

Жәбірленушінің анасы сотқа 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы талап арыз берген. Жауапкер бұл талапты қанағаттандырмауды сұрады.

Іс материалдарын қарап шыққан сот талапты ішінара қанағаттандырды – жауапкерден кәмелетке толмаған баланың анасының пайдасына 50 мың теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Тэгтер:

Айыппұл Бала келіншек ұру аула