Шымкентте алимент төлемеген әке абақтыға қамалды

Бүгін, 11:57 / Алуа Арман
istockphoto.com

Биыл Шымкентте 38 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл Республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп сотқа жолданған қылмыстық істердің 9%-ын құрайды.  

Соңғы сот үкімі бойынша 4 млн теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. 

Алдағы уақытта қала прокуратурасының ұйымдастырумен осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады.

Тэгтер:

Шымкент алимент Сот абақты