Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. — 2025 жылғы 05 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау және Ақтөбе қаласында болжанған, — деп хабарлайды Қазгидромет.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, ертең еліміздің басым бөлігінде қар жауады.