5 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін, 23:34 / Өтей Торғайұлы

Сәрсенбі күні еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, сондай-ақ түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігіндеол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандандарында тұман болады деп болжанады. Шымкентте түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түркістанда 5 қарашада түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында, солтүстікте, шығыста солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 18-23 м/с дейін жетеді. Түнде сынап бағаны -1...-6 градус суықты көрсетеді. Талдықорғанда 5 қарашада көктайғақ болады, түнде сынап бағаны -1...-3 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында қар жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алматыда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 5 қарашада тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Тэгтер:

тұман ауа райы