Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды

Бүгін, 23:25 / Өтей Торғайұлы

4 қараша күні Өскемен – Риддер тасжолының 48-ші шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Үмітов Арман.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырады. 

Тэгтер:

Жол апаты Шығыс Қазақстан