Қонаев қаласында бірнеше көшеге атау берілді. Қаулы Алматы облыстық мәслихатының сайтында жарияланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Республикалық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес, бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы және Алматы облысы мәслихатының шешімімен Қонаевта атауы жоқ көшелерге келесі тұлғалардың есімдері берілді:
— Атауы жоқ көше (1-ші линия) — Әбдіқадыр Нұрмағамбетов көшесі;
— Атауы жоқ көше (2-ші линия) — Ақбай Әлібаев көшесі;
— Атауы жоқ көше (3-ші линия) — Жақыпжан Шарипов көшесі;
— Атауы жоқ көше (4-ші линия) — Сүндетбай Балхашев көшесі;
— Атауы жоқ көше (6-шы линия) — Жұмабек Жақыпов көшесі;
— Атауы жоқ көше (8-ші линия) — Әукен Жылқыбаев көшесі.