Павлодар облысында жол апатынан бір адам мерт болды

4 қараша, 2025 / Інжу Әлихан
Павлодар облысы ПД

4 қараша күні "Атамекен-Курчатов" автожолындағы Айнакөл ауылының маңында "Шкода Рапид" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Ауди-А6" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші қаза тапқан фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы тығыз учаскелерде абай болуды, көліктің техникалық жай-күйін бақылауды және ауа райы жағдайының өзгеруін ескеруді еске салады", – делінген хабарламада.