Шымкентте қызына алимент төлемеген ана жауапқа тартылды

Бүгін, 15:22 / Алуа Арман
istockphoto.com

Прокуратура балалар орталығы тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәмелетке толмаған қызын асырау үшін 2015 жылдан бастап И. Керимбаева «№6 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-ға (бұдан әрі – Балалар орталығы) асырауына 1,1 млн теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндетті болған. 

Тексеру нәтижесінде 2025 жылғы 27 наурызда жеке сот орындаушысы Балалар орталығының бұрынғы заңгерінің жазбаша өтінішінің негізінде атқару құжатын орындамай қайтарғаны анықталды. 

Нәтижесінде сот шешімі орындалмай, Балалар орталығының тәрбиеленушісінің конституциялық құқықтары бұзылған. 

Прокуратура актісі бойынша алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қайта қозғалып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Тэгтер:

Шымкент алимент қыз ана