Судьяны балағаттаған Қостанай тұрғыны жауапқа тартылды

Бүгін, 14:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында сотқа құрметсіздік көрсету фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz

Рудный қалалық сотында WhatsApp мессенджері арқылы өткен онлайн отырыс кезінде мүлікті бөлу туралы азаматтық іс бойынша шешім жарияланған соң, К. балағат сөздер айтып, өз әрекетімен сотқа құрметсіздік танытқан. Осылайша ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, қатаң жаза қолданбауды сұрады.

Құқық бұзушылық фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, аға сот приставы рапортімен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.

Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, оның бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, кінәсін мойындап, жеңілдететін мән-жайлардың бар екенін ескере отырып, сот К.-ге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Тэгтер:

Сот Қостанай Рудный судья үкім балағаттау