Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта бірінші орын алып, WTA-2025 қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Америкалық Аманда Анисимова отандасы Мэдисон Кизді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін, отандасымыз жартылай финалға өтті.
Топтық кезеңде Рыбакина екі жеңіске жетті: алдымен Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты, ал кейін польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Бұл - қазақ теннисі үшін тарихи жетістік. Елена жекелей сайыста WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.